Биыл Солтүстік Қазақстанда криминалистер 1,5 мыңға жуық зерттеу жүргізді. Білікті мамандар 1200-ге жуық қылмыс орнын қарауға қатысқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Криминалистердің басты міндеті – қылмыс орындарынан заттай дәлелдемелерді анықтау. Сонымен қатар, оларды ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін пайдалана отырып зерттеу.

«Өткен тоғыз айдың ішінде Солтүстік Қазақстан облысында криминалистер 1159 қылмыс орнын қарауға қатысты. Нәтижесінде 427 қол ізі, 263 трасологиялық із (аяқ киім, көлік, бұзу құралдары және т.б.), 148 биологиялық дәлел алынған», — деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Погон таққан ғалымдар биыл 70 қылмыстың бетін ашқан. Соның ішінде 19 денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сегіз автокөлік ұрлығы және 25 ұрлық дерегі болып табылады. Криминалистикалық сараптамада заманауи технологиялар кеңінен қолданылады. Олар: бейнежазбаларды талдау және биометриялық белгілер арқылы тұлғаны анықтау жүйесі.

Тағы оқыңыз: Онкоскрининг енді барлық тұрғындарға қолжетімді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *