Күздің соңғы айы СолтүстікҚазақстан облысында жылы болады деген болжам бар. Бірақ, кей аудандарда жауын-шашын көп түсіп, жиі көктайғақ болмақ, деп жазады Qazaqstan Media.

Қараша айындағы орташа ауа температурасы әдеттегіден бір градусқа жоғары болып,  +4 +6°С құрайды. Айдың алғашқы он күнінде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Түнде ауа температурасы 0 ден -15°С  дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз +8 °С  жылыдан -12°С-қа дейін суық болады.

Айдың ортасында қалың қар жатады, деп болжап отыр мамандар. Ал қарашаның соңғы 10 күні ашық болады. Бірақ түнгі уақытта кей кездері термометр көрсеткшісі-25°С төмендейді. Күндіз -20 °С аяз болады.

Қараша айында түсетін жауын-шашын мөлшері 25-40 мм болады, дейді синоптиктер. Бұл жылдағыдан көп.  Сондай-ақ, жиі көктайғақ болып, кей күндері боран да болуы ықтиал.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бес олимпиадалық резервтегі спорт мектебі жұмыс істейді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *