Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайынғы көктем-күзгі ағаш егу науқаны аяқталуға жақын. Биыл өңір орман шаруашылығы қызметкерлері табиғатты қалпына келтіру мен жасыл желекті көбейту мақсатында 24 миллион түп қайың мен қарағай егуді жоспарлаған, деп жазады QM тілшісі 24KZ арнасына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында орманшылар жер қатпай бар шаруаны тындыруға асық. Өңірде 500 — ге жуық орманшы жұмыс істейді. Биыл олар облыс бойынша 24 миллион қарағай мен қайың ағашын егуі тиіс. «Әр түптің өсіп-өнуіне ондаған жылдар керек», — дейді мамандар.
«Биыл жергілікті атқарушы органдарымен көшет материалдарына 560 млн теңге бөлінді. Оған 9 млн 900 мың қарағай мен жайпақ жапырақты үйеңкі, қайың және шегіршін ағашы сатып алынды. Сонымен қатар былтыр орман шаруашылықтары 36 бірлік арнайы техникамен толықты»,-дейді табиғи ресурстар және тпр басқармасының бас маманы Марина Подоксёнова.
Солтүстік Қазақстан обысында орман қорын ұлғайтудың кешенді жоспары қабылданған. Ол бойынша өңірде 2027-інші жылға дейін 120 млн. жас көшет егіледі.
Тағы оқыңыз: Астанада өткен жәрмеңкеде Тайынша ауданының кәсіпкерлері 50 тонна өнім ұсынды