17-ші қазан күні Тайынша ауданында болған жол-көлік оқиғасында 64 жастағы әйел көз жұмды. Республикалық тас жолда екі көлік соқтығысқан болатын, деп жазады Qazaqstan Media.
Адам өлімі тіркелген жол апаты Тайынша ауданындағы Обуховка ауылы маңында орын алды. Республикалық маңызы бар тас жолы бойында Volkswagen Golf және Volkswagen Transporter көліктері соқтығысады.
Салдарынан оқиға орнында Volkswagen Golf машинасында отырған 64 жастағы жолаушы әйел көз жұмған. Ал екі көліктің жүргізушілері түрлі дене жарақаттарын алған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге сала кетейік, 17-ші қазанда Петропавлда автобус пен жеңіл көлік соғылған болатын. Онда екі адам зардап шекті. Бірақ, адам өлімі тіркелген жоқ.
Тағы оқыңыз: 18 қазан — Рухани келісім күні