Елге танымал «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі гастрольдік сапармен СҚО-ға келеді. Шара 15-19 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мәдени шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Би керуені» жобасы аясында өтеді. Гастрольдік сапар барысында ансамблдің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген, бас балетмейкер Ақмарал Әбдікәрімқызы, халықаралық конкурстардың лауреатры Талғат Ахметовтың қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

СҚО-ға елге танымал мемлекеттік би ансамблі келеді
СҚО-ға елге танымал мемлекеттік би ансамблі келеді

Концерттік бағдарламада көрермендердің назарына әлем халықтары мен қазақтың ұлттық билері ұсынылады. Сондай-ақ, орыс, ұйғыр, болгар, татар, кәріс халықтарының мәдениетінен сыр шертер қойылымдарды тамашалай алады. Талай жетістікке жеткен ұжымның Петропавлға келуі өңір үшін елеулі оқиға болмақ.

Айта кету керек, «Салтанат» би ансамблінің 70 жылдық тарихы бар. Осы уақыт ішінде өнер ұжымы ұлттық және әлемдік хореографияның алуан түрлілігін кеңінен насихаттай білді.

Тағы оқыңыз: СҚО-ға биыл 1516 адам көшіп келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *