Биыл бірінші қазанға дейін ерікті қоныс аудару шеңберінде еліміздегі жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 5 213 адам көшкен. Оның ішінде Соллтүстік Қазақстанға 1516 адам көшкен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады, деп жазады QM.
Барлық қоныс аударушыға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарлануда.
Өңірлер бойынша, Павлодар облысына – 1 886 адам, СҚО – 1 516 адам, Қостанай облысына – 575 адам, ШҚО – 490 адам, Абай облысына – 305 адам, Ақмола облысына – 257 адам, Атырау облысына – 103 адам, Ұлытау облысына — 43 адам, Қарағанды облысына – 38 адам қоныс аударды.
Қоныстану аймақтарына көшкен қандастар негізінен Өзбекстаннан – 612 адам, ҚХР – 563 адам, Моңғолиядан – 377 адам, Ресейден – 84 адам, Түркменстаннан — 49 адам және басқа елдерден – 49 адам келген.
Еңбекке қабілетті жастағы 2 307 адам келгендердің ішінен тұрақты жұмыс орындарына 1 041 адам жұмысқа орналастырылды, 38 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
Қоныс аударушылар мен кандастар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және тағы басқа салалар бойынша жұмысқа орналасты.
Естеріңізге сала кетейік, ерікті қоныс аудару аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:
- отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде көшуге арналған бір реттік субсидия;
- отбасы мүшелері саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
- экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.
Тағы оқыңыз: СҚО-да бес айда 80 есірткі қылмысы тіркелді