Петропавлда 14 жастағы қыз саусағына киген жүзігін шеше алмай, дәрігерлерге жүгінген. Ал аурухана мамандары құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Құтқарушыларды облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігелері шақырған. Олар 14 жастағы қыздың саусағындағы жүзікті шешеуге көмек сұрапты.  Медициналық мекемеге жеткен төтенше жағдай мамандары  арнайы құралдың көмегімен сақинаны шешіп алған.

Петропавлда оқушы қыздың жүзігін құтқарушылар шешті
Петропавлда оқушы қыздың жүзігін құтқарушылар шешті

Сонымен қатар, 112 қызметінің мамандары Караван көшесіндегі үйді өрттен аман алып қалды.  Жер  үйдің шатыры түтіндей бастаған. Өрт  сөндірушілер  шатырдағы пеш мұржасының айналасындағы ағаш арқалықтардың  түтіндеп жатқанын көреді. Олар жедел әрекет етіп, тілсіз жауды ауыздықтапты.Осылайша баспананы оттан сақтап қалды.

Тағы оқыңыз: «Сенімен Болашақ» ұйымы мен білім басқармасының «Әдістемілік орталығы» арасында меморандумға қол қойылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *