Қола қолда-алтын жолда. Солтүстікқазақстандық Наталья Богданова бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасына қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Дүбірлі дода Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. Бұл бәсекеге әлемнің 51 елінен 239 спортшы қатысуда. Барлығы — кіл мықтылар.

Наталья 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде. Ол ширек финалда түркиялық Сема Чалышканды айқын басымдықпен жеңді. Екінші раундта қарсыласын бір есеңгіретіп алды.

Енді ол 13 қыркүйекте шаршы алаң қожайыны Шантель Ридпен күш сынасады. Айта кетейік, Наталья – ел тарихында IBA мен World Boxing ұйымдарының додаларынан жүлде алған алғашқы боксшы!

Тағы оқыңыз: «Қызылжар» ФК 2028 жылы жеке кәсіпкердің қолына өтеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *