Солтүстікқазақстандық үздік оқушылар үшін алғаш рет оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Онда математика, биология әне географи, химия пәндерінен олимпиадаға қатысатын балалар бас қосты, деп жазады Qazaqstan Media.

Сегіз бен 11 сынып оқушылары «Серебряный бор» лагерінде жиналды.  Өңірдің 37 оқушысы төрт пән бойынша олимпиадада білімдерін сынап, облыс намысын қорғап жүргендер.

«Сабақ таза ауада өтті. Георгафия мен биология пәні мұғалімдері балалармен жанды табиғатты  зерттеді. Химия мен математика пәндері бойынша да тапсырмалар орындалды»,- деп жазады ұйымдастырушылар.

«Қызылжар дарыны» орталығы ұйымдастырған бұл алғашқы оқу-жаттығу жиыны. Алдағы уақытта бұл тәжірибе  қолға алынатын болады. Басты мақста — алдымен оқушыларды олимпиадаға дайындау және балаларды шабыттандыру болып табылады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы медициналық колледж ұжымы мен студенттері Жолдауды бір кісідей тыңдады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *