СҚО-да шенеуніктер жалдамалы пәтерлердің келімшартын уақытылы жасамағандықтан бюджетке 4 млн теңгеге жуық шығын келтірілді

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алған тұрғындар үш жыл бойы ақы төлемеген. Нәтижесінде бюджетке 4 млн теңге көлемінде шығын келтірілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2020 жылдың қазан айында Аққайың ауданда екі 18 пәтерлі үй тапсырылған. Алайда баспана тұрғындарымен жалдау шарттары тек үш жыл өткен соң ғана, яғни 2023 жылдың қазан айында ғана жасалған. Сөйтіп, аудандық ТКШ бөлімі басшысының салғырттығынан бюджетке 3,6 млн теңге шығын келтірілді.

Аталған факті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында белгілі болды.

«Мемлекеттік мүлікті жалдау шарттарының уақтылы жасалмауына байланысты тұрғындардан ақыны өндіріп алу мүмкін емес. Сондай-ақ жалдау ақысын төлеу мерзімін сақтамағаны үшін өсімпұлды ұстап қалуға да мүмкіндік жоқ», — деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Марат Ебжанов.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі қарттар үйіне барды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x