Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданындағы қарияларға арналған орталыққа барды. «Қайырымдылық» атты мереке күні аға буын өкілдерімен жылы жүздесу болды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір басшысы орталықта тұратын қарттарды Наурыз мейрамымен құттықтап, игі тілектерін жолдады. Облыстың дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғысын білдірді.

СҚО әкімі қарттар үйіне барды

Көпшілік ішінде «қарттар үйі» деп аталып кеткен мекемеде қарияларға бар жағдай жасалған. Олар уақыттарын босқа өткізбейді. Спортпен айналысып, концерттер ұйымдастырады. Сурет салып, түрлі бұйымдар жасайды. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұханбетов қарттар жасаған бұйымдар қойылған көрмені арнайы тамашалап, орталықтың жұмысымен танысты. Ақ дастархан басында әңгімелесіп, қариялардың ақ батасын алды.

Тағы оқыңыз:СҚО әлемнің 30 еліне карантинге жатқызылатын өнімді экспорттайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x