СҚО Ғ.Мүсірепов ауданының кәсіпкері тыңайтқыш алу үшін субсидияға өтінім берген. Бірақ ауыл шаруашылығы басқармасы төлемді төлемей, оны еш себепсіз тоқтатып қойған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір прокурорлары жыл басталғалы 2214 кәсіпкердің құқығын қорғап қалған. 186 қадағалау актісі енгізіліп, заңсыз әрекеті үшін 14 тұлға жауапкершілікке тартылды. 787 заңсыз құқықтық актінің және 90 шектеу іс-шарасының күші жойылған. Сонымен қатар 3 заңсыз тексерудің жолы кесіліп, 1 млрд теңге өтелген. Осыдан бірнеше ай бұрын қадағалаушы органға Ғ.Мүсірепов ауданының кәсіпкері жүгінген. Ол тыңайтқыш алу үшін субсидияға өтінім берген. Бірақ облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы төлемді төлемей, оны еш себепсіз тоқтатып қойған.

Заң тұрғысында төлем тоқтамауы керек. Өтініш негізінде субсидия не беріледі, не берілмейді. Мұндай әрекетке жол берген екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал диқанға 1 млрд теңге көлемінде субсидия берілді. Алдағы уақытта қалған төлем төленетін болады”, – дейді СҚО прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Тимур Құртаев.

Қадағалаушы органға жүгінген тағы бір кәсіпкер «Мельница сауда үйі» серіктестігінің қаржы директоры Ольга Исакова. Ол ұзақ уақыттан бері қосымша құн салығын қайтара алмай отыр екен. Мемлекеттік органдар төлемді қайтаруды кешіктіріп жатқан көрінеді.

Біз 4-ші және 1-ші тоқсан үшін қосымша құн салығын қайтару туралы өтініш бердік. Олар оны мақұлдады. Өтінішті 31 тамызда жібердік. Бірақ, ақша әлі күнге дейін келген жоқ. Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарластық. Барлығы бір-біріне сілтеп отыр. Ақша қашан қайтарылатындығын білмейміз», – дейді “Мельница сауда үйі” ЖШС қаржы директоры Ольга Исакова.

Жиын соңында бұл мәселе республикалық деңгейде қаралатын болып шешілді.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x