Петропавлда суға кеткен 10 жасар Умар Самухутдиновтің денесін құтқарушылар екі күннен бері іздеп, таппай жатыр. Мамандарға еріктілер көмектесуде, олар өзен жағасын қарап жүр, деп жазады Qazaqstan Media.

Маусымның 14-і күні 10 жасар Умар інісі және достарымен бірге суға шомылуға барған. Олар Зайсан ауданы маңында суға түскен.

«Бізге оқиғаның қалай болғандығын Умардың інісі айтып берді. Балалар тақтайды жіпке байлап соның көмегімен суда жүзген. Бір кезде жіп үзіліп кетіп, тақтайдың үстіндегі баланы қатты ағыспен алып кеткен. Содан бала жағадан 10 метрдей жердегі иірімге түсіп, бата бастайды. Мұны көрген екі досы қорқып қашып кетеді. Ал інісі көмекке шақыра бастайды. Ересектер келгенше бала суға батып кеткен», — дейді ерікті Алена Писаренко.

Баланың денесін сағат 16:00-ден бастап түнгі 22:00-ге дейін іздеген. Алайда нәтижие жоқ. Бүгін бұл жұмыстар жалғасып жатыр.

«Іздеу жұмыстары екінші күн жүріп жатыр. Қазір ассамблеяның үш мобильді қайығы, ТЖД екі қайығы, сүңгуірлер іздестіріп жүр. Жағалауды қарау үшін адамдар қажет», — деді ерікті.

Умардың анасы төрт баланы жалғыз бағып отыр. Әкелері Тәжікстанда. Егер іздеу жұмыстарына қатысамын деушілер болса, 8 707 627 45 21 телефон нөмеріне хабарласуға болады.

Тағы оқыңыз:СҚО-да тамақтан уланған отбасының жағдайы белгілі болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x