Жастардың бизнес ашуына 11 млрд теңгеден астам қаржы берілді

Биыл бизнес ашып, кәсібін дамытамын деген жастарға 11,4 млрд теңге қаржы берілген. Осының арқасында 2,5 мыңнан астам жоба іске асырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Несие 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту үшін беріледі. Операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.

«2023 жылдың 10-шы тамызындағы жағдай бойынша 5,3 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Соның 3 344 мақұлданды. Бүгіндері 2 577 жобаны іске асыруға 11,4 млрд теңгеге несие берілген. Ал, қалған жобалар қаржыландырылу үстінде. Айта кетейік, жастар кәсібін қолдауды Мемлекет басшысы өз жолдауында тапсырған болатын», – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Несие алушылардың басым бөлігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырған.

Жалпы, 2023 жылы 29 млрд теңгеге 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Николаевка ауылында балалар алаңқайы салынып жатыр

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x