Университеттерге құжат қабылдау басталды

Қазақстандағы жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды. Мектеп түлектері 25 тамызға дейін университетке түсуге өтінім қалдыра алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, болашақ студенттерді оқуға қабылдау науқаны 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.
Қажетті құжаттар тізімі мынадай:
*3х4 көлеміндегі фото;
*орта білім туралы аттестат;
*№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
*ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі қажет.

Ал тегін білім алу мүмкіндігіне ие болу үшін 13-20 шілде күндері конкурсқа өтініш қабылданатын болады.

«Оқуға түсушілер 18 мамырдан 5 шілдеге дейін өтетін ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін грант конкурсына ұсына алады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады», – деп таратты министрлік өкілдері.

Тағы оқыңыз: Мағжан Жұмабай – Тұран өркениеті мен Алаш идеясының ұлы жыршысы

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x