Петропавлда жолды кесіп өтпек болған зейнеткерді скутер қағып кетті

Петропавлда скутер жүргізушісі 71 жастағы ер адамды қағып кетті. Оқыс оқиға Назарбаев көшесі бойында орын алды, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша 71 жастағы қария жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өтпек болған. Осы кезде скутер шығып қалып, зейнеткерді соққан көрінеді. Рөлде отырған 40 жастағы ер адамнан медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды. Көлік құралы мамандандырылған автотұраққа орналастырылды. Ал зардап шеккен қалалық медициналық мекемеге жеткізілді.

«Аталған факті бойынша материал жинақталып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл қ. ПБ әкімшілік полиция бөліміне жіберілді», – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық жігіт кикбоксингтен әлем кубогының иегері атанды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x