Уәлиханов ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша барлығы 84 іс-шара өткізілді

 Уәлиханов ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша барлығы  84 іс-шара өткізілді. Ол 6  бағыт пен 17 арнайы жобаны қамтиды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 2017 жылдан бастап елімізде іске  асырылып келе жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Уалиханов ауданында сәтті жүзеге асырылуда. Жалпы бағдарлама ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген. Атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.

Аталмыш бағдарламаның 6 бағыты мен 17 арнайы жобасы бойынша Уәлиханов ауданында 84 шара ұйымдастырылды. Ол аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің бастамасымен қолға алынған.  Атап айтар болсақ, осы жылдың маусым айында жазғы балалар лагерінде «Елімнің көрікті табиғаты» атты іс-шара ұйымдастырылған.

Оған  этнолагерлердегі  жоғары сынып оқушылары белсенді қатысты. Балалар түрлі зияткерлік ойындарда бақ сынап, спорттық жарыстарда мықтыларды анықтады.

Ал, 1ші маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ғажайып балалар әлемі» атты музыкалық-сахналық қойылым өткізілді.

 «Музыкалық-сахналық қойылым аудан әртістерінің концетімен ұштасты.  Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық кабинеттің балалары үшін суреттер байқауы ұйымдастырылды.  Асфальтқа сурет салу, асық ату, арқан тартыс, мергендер сынды конкурстар өткізілді. Мерекелік шараға жалпы 300-ге жуық бала қатысты. Конкурс жеңімпаздарына грамоталар мен сыйлықтар табысталды»- деп хабарлады  Уәлиханов ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

 

 

Балалар күнінде аудан кәсіпкерлері де шет қалған жоқ.Психологиялық-педагогикалық кабинеттің балаларына тәтті сыйлықтар берілді және 40 бүлдіршін естелікке сыйлық алды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 9шы қыркүйек күні  Кішкенекөл мәдениет үйінде «Шежірелі өңір тағылымды тарих» атты ашық көрме ұйымдастырылды. Ол ауданның 95 жылдық мерейтойына арналды. Аудан тұрғындары мен қонақтары бай өлкенің тарихымен танысты. Ал арнайы шығарылған ақпараттық тарихи брошюра 11 селолық округке таратылды»- деп толықтырды аудан бөлімі.

Тағы оқыңыз:   СҚО перинаталдық орталық Қазақстан бойынша үздік бестікке енді 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x