СҚО-да 2 адам эхинококкоз жұқтырған

Биыл 2 солтүстікқазақстандық эхинококкоз жұқтырып алған. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Эхинококкоз – паразитарлық індет. Әдетте ол адамға ит, мысық, кеміргіштер мен жануарлар арқылы жұғады. Көп жағдайда қарапайым гигиеналық ережелерді сақтамаудан адамға жұғуы мүмкін. Сырқаттың бұл түрі жас пен жынысты талғамайды, демек қауіпсіздік талаптарын ескермеген кез келген жан ауыруға шалдығады. Науқастар ота жасау арқылы ғана емделеді екен. Осы ретте санитар мамандар індеттен қорғану жолдарын ұсынады.

«Қаңғыбас ит-мысықтарға мүлдем жоламаңыздар. Оларды асыраймын деп, үйге кіргіздудің қажеті жоқ, бұл адам ағзасына өте қауіпті. Адамдардың үй жануарлары болса оны әрдайым ветеринар мамандарға көрсетіп отыру керек. Ата-аналарға ерекше ескерту жасағымыз келеді. Кішкентай балаларыңызға көше кезіп жүрген төрт аяқтыларға жақындап, сипау қауіпті екенін айтып қойыңыздар. Сондай-ақ, үй жануарларын төсекке шығарып, сүюге болмайды», – дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманы Салтанат Бекумова.

Тағы бір қарапайым ережелердің бірі – қолды жиі сабынмен жақсылап жуу. Үстіміздегі жылдың 6 айында Солтүстік Қазақстан облысында 2 тұрғынның бойынан эхинококкоз дерті анықталған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жөнделген жолдар тексеріліп,  олқылықтар анықталған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x