Су тасқыны - 2024: СҚО әкімі тікұшақпен су басу қаупі бар аудандарды аралады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басу қаупі бар аймақтарды тікұшақпен бақылады.Өңірде әлі де қар жатқандықтан, су басу қаупі сейілген жоқ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Су тасқыны болу қаупі басым аудандар қатарына Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандары кіреді. Бұл аудандарда қар әлі де қалың, белсенді түрде еріп жатқан жоқ. Оған қоса, кіші өзендер мен су өткізу құбырларында мұз кептелісі орын алуы мүмкін.
Ақжар, Тайынша және Уәлиханов аудандарында да жағдай күрделі. Астана мен Ақмола облысының су қоймаларынан көп мөлшерде су келеді деп күтілуде.

«Қазір барлық ресурстар жұмылдырылды, күштер мен құралдар тобы құрылды, техника дайындалды. Өңірдегі өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, эвакуациялау пункттері құрылды. Инертті материалдар, қаптар, жанар-жағармай және жүзу құралдары дайындалды. Жағдай менің жеке бақылауымда», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көлігімен адам қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x