Қазақстанның солтүстік өңірлерінде бірнеше күнге созылған аптап ыстықтан кейін ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстік-батысына келген циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар жаңбыр, найзағай және ауа температурасының төмендеуіне алып келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

15–16 шілде аралығында еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді желдің жылдамдығы күшеюі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға ауа райының қолайсыз жағдайларын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.

Синоптиктердің мәліметінше, күндізгі ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, +25…+30 градус шамасында болады. Бұл соңғы күндері тіркелген аптап ыстықтан кейін тұрғындар үшін біршама жайлы ауа райын қалыптастырады.

Мамандар тұрғындарды ауа райы болжамын қадағалап, әсіресе найзағай, бұршақ және қатты жел кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады. 

Тағы оқыңыз: «Таза Қазақстан» бір реттік акциядан жүйелі экологиялық саясатқа айналды – Бектенов

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *