Солтүстік Қазақстан облысында алдағы сайлау науқанына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өңірде барлығы 543 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 92-сі Петропавл қаласында орналасқан, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыста 13 жабық сайлау учаскесі бар. Олар әскери бөлімдерде, емдеу мекемелерінде және азаматтардың уақытша болатын орындарында ұйымдастырылған.

Сайлау науқаны кезінде өңірде 558 сайлау комиссиясы жұмыс атқарады. Оның ішінде 15 аумақтық және 543 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Жалпы сайлау процесіне 3196 комиссия мүшесі тартылады.

Заңнамаға сәйкес, дауыс беру күніне 20 күн қалғанда, яғни 2 тамызда, тиісті әкімдер әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт арқылы учаскелік сайлау комиссияларына тапсырады. Осы күні өңірдегі сайлаушылардың нақты саны белгілі болады.

Ал 7 тамыздан бастап тұрғындар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы мәліметтермен тиісті сайлау учаскелерінде таныса алады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да егін орағы басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *