Петропавлда Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі өтті. Ауқымды  жоба көрермендерді Қазақстанның тарихы, қоғамы және ел тағдырын айқындаған оқиғалар туралы баяндайтын деректі фильмдермен таныстырды, деп жазады Qazaqstan Media.

Кинолекторий аясында Президент Телерадиокешенінің Деректі кино орталығы түсірген бірнеше фильм көпшілік назарына ұсынылды. Алғашқы күні көрермендер «Құлалы аралының тұрғыны» және «Апорт» деректі фильмдерін тамашалады.

Петропавлдықтар Президент Телерадиокешенінің деректі фильмдерін тамашалады
Петропавлдықтар Президент Телерадиокешенінің деректі фильмдерін тамашалады

«Құлалы аралының тұрғыны» фильмі Каспий теңізіндегі Құлалы аралында ұзақ жылдар бойы гидрометеорологиялық станцияны басқарып келе жатқан Петр Лупенковтың өмірі мен еңбегіне арналған. Туынды табиғатпен етене өмір сүріп, кәсібіне адал қызмет еткен еңбек адамының бейнесін ашады. 

Петропавлдықтар Президент Телерадиокешенінің деректі фильмдерін тамашалады
Петропавлдықтар Президент Телерадиокешенінің деректі фильмдерін тамашалады

«Деректі фильмдер өзекті мәселені қозғайды. Әсіресе Құлалы аралында тұратын Петр Ивановичтің еңбек жолы, өмірі көпке үлгі. Оның өз ісіне деген адалдығы, табиғатты, қоршаған ортаны құрметтеуі ерекше сезіледі. Ол табиғатпен үндесіп өмір сүріп келеді. Еліміз үшін маңызды жұмыс істеп жүр. Әр сағат сайын табиғат құбылыстарын бақылап, барлап отырады. Үлкен зерттеу жолы бар маман. Фильмде еңбек адамы, экология, адалдық сынды тақырыптар қозғалған»,-дейді көрермен, қоғам белсендісі Жанат Мұхамеджанов.

Ал «Апорт» деректі фильмі Қазақстанның символына айналған әйгілі алма сортының тарихын, оның әлемге танылу жолын және ұлттық мұраны сақтап қалу бағытындағы ғалымдардың еңбегін баяндайды. Туынды табиғи байлықты қорғау мен оны келер ұрпаққа аманат ету идеясына негізделген.

Петропавлдықтар Президент Телерадиокешенінің деректі фильмдерін тамашалады
Петропавлдықтар Президент Телерадиокешенінің деректі фильмдерін тамашалады

«Хроникадан болашаққа» кинолекторийі – бүгінгі Қазақстанның шынайы тарихын деректі кино арқылы танытатын маңызды мәдени-ағартушылық жоба. Онда қарапайым адамдардың тағдыры, елдің дамуы мен қоғамдағы өзекті мәселелер көрініс тауып, ұлттық тарихтың көрнекі шежіресі жасалады»,-деді Президент Телерадиокешені Деректі кино орталығының аға редакторы Эльмира Ишмұхаметова

Айта кетейік, республикалық кинолекторий 20 қаланы қамтиды. Жоба мамыр айында Астанада басталып, 25 қыркүйекте Алматыда қорытындыланады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ер адам чечил ірімшігіне тұншығып қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *