Солтүстік Қазақстан облысында жедел жәрдем қызметкерлері тұншығып қалған 50 жастағы ер адамның өмірін аман алып қалды. Бескөл ауылында тыныс жолына чечил ірімшігі тұрып қалған науқастың жүрегі тоқтап қалған. Алайда дәрігерлер дер кезінде реанимациялық көмек көрсетіп, оның жүрек соғысын қалпына келтірді. Қазір ер адамның өміріне қауіп жоқ, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға 11 шілде күні кешкі уақытта болған. 103 қызметіне ер адамның тынысы тарылып, тұншығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына фельдшерлік жедел жәрдем бригадасы бірден жүрекке жанама массаж жасап, өкпені жасанды желдетуді істеген. 

Тексеру барысында ер адамның тыныс жолына чечил ірімшігі тұрып қалғаны анықталды. Жедел жәрдем қызметкерлері бөгде затты алып шығып, науқастың тыныс жолын қалпына келтірді.

Реанимациялық шаралардың нәтижесінде ер адамның жүрегі қайта соға бастады. Ауруханаға жеткізу кезінде ол өздігінен тыныс ала бастаған. Кейін жағдайы тұрақтанып, Қызылжар аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір дәрігерлердің айтуынша, науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының мәліметінше, қызметкерлер шұғыл көмек көрсету кезінде халықаралық медициналық стандарттарды қолданады.

Тағы оқыңыз: Жалған құжатпен Қазақстан шекарасынан өтпек болған 200 адам анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *