Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері шекарада жалған немесе өзге адамға тиесілі құжаттарды пайдалануға қатысты 200 дерек анықталғанын хабарлады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
ҰҚК мәліметінше, құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың деректері енгізілген құжат бланкілерін пайдаланған. Мұндай заң бұзушылықтар көбіне Қазақстанның оңтүстік шекарасындағы өткізу пункттерінде және халықаралық әуе рейстерінде анықталған. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылы осындай 661 құқық бұзушылық тіркелген.
ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны жалған немесе бөгде құжаттарды пайдаланып кесіп өткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.
Тағы оқыңыз: Дәрігерлер электр арадан ауыр жарақат алған ер адамның қолын сақтап қалды

