Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы тарихында алғаш рет ДДҰ Ассамблеясының А комитетіне басшылық етті. Бұл комитет жаһандық денсаулық сақтау саясатына қатысты негізгі мәселелерді қарайтын маңызды құрылымдардың бірі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

А комитетінің төрағасы болып облыс әкімінің бұрынғы орынбасары, қазіргі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев сайланды.

Қазақстан төрағалығы аясында комитет пандемияларға дайындық, медициналық алғашқы көмекті дамыту, цифрландыру, микробқа қарсы тұрақтылық және психикалық денсаулық мәселелерін қарастырып жатыр.

Комитет жұмысының алғашқы күнінде ДДҰ-ның пандемиялық келісімі талқыланды. Бұл мәселе бойынша 60-тан астам ел келіссөздерді жалғастырды.

Сондай-ақ медициналық алғашқы көмекті дамыту және шалғай өңірлерде қолжетімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан  бұл бағытта телемедицина мен мобильді медицинаны дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бойынша ұлттық тәжірибесін ұсынды.

СҚО әкімінің бұрынғы орынбасары жаһандық денсаулық сақтау комитетіне басшылық етті
СҚО әкімінің бұрынғы орынбасары жаһандық денсаулық сақтау комитетіне басшылық етті

«Қазақстан үшін, көптеген елдер сияқты, шалғай елді мекендерде тұратын халықтың медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Сондықтан біз алғашқы буынды жүйелі түрде нығайтып, телемедициналық консультацияларды кеңейтіп, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізіп келеміз», — деді Тимур Сұлтанғазиев.

Қазір Қазақстандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек желісі шамамен бес мың ұйымды қамтиды. Оның төрт мыңнан астамы ауылдық және шалғай елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Қазақстанның ДДҰ Ассамблеясының А комитетіне төрағалық етуі елдің халықаралық деңгейдегі беделі мен жаһандық денсаулық сақтау күн тәртібіндегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Тағы оқыңыз: Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет өседі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *