Солтүстік Қазақстанда оқушылар қашықтан оқып жатыр

СҚО-да ақ түтек боранның салдарынан кей аудандардың оқушылары мектепке барған жоқ. Олар сабақтарын қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметнің мәліметінше, толықтай қашықтан оқуға көшкен мектептер жоқ. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты 64 білім ордасы аралас оқу форматына ауысқан. Ол Айыртау, М.Жұмабаев, Қызылжар және Шал ақын аудандарындағы оқу орындары.

«Кейбір мектепке балалар көрші ауылдан келіп оқиды. Боранға байланысты жолдар жабық. Сол себепті олар онлайн оқып жатыр», – деп түсіндірді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да малшылар мектебі ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x