[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/1055-1-scaled.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Өңір шаруашылықтары автопаркін жаңартпақ. Биыл солтүстікқазақстандық диқандар 2370 жаңа техника сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша аграрийлер 2841 техниканы және құрал-саймандарды есептен шығарған. Бұл негізгі жоспардың 75 пайызын құрайды. Облыста жалпы  ауыл шаруашылық техникасының 73,4 % 10 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Ал тракторлардың 75 %, комбайндардың 67 пайызы осыншама уақыт шаруашылықтарда пайдаға жаратылған. Сондықтан автопаркті жаңартып отырудың маңызы зор. Оны түсінетін диқандар биыл 69,5 млрд теңгеге 2370 жаңа техника мен құрал-жабдық сатып алмақшы. Ал өткен жылы өңір кәсіпкерлері жалпы сомасы 81 млрд теңгеге 2408 техника сатып алған.  Десе де, техниканы жаңарту бойынша Ақжар, Уәлиханов, Есіл, Шал ақын аудандарында жұмыс сылбыр жүргізілуде. Соңғы екі аудан тозығы жеткен техниканы есептен шығару бойынша да көш соңында қалған.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x