[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||27px|||»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/893c2752-c70e-4bc2-9e8d-ab4ff263ed0f-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Қазақстан халық партиясы атынан Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына № 12-ші округ бойынша үміткер Сергей Зуев шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, халықпен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып жүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 

Петропавлдағы №3-ші қалалық ауруханада дәрігер-хирург болып еңбек ететін Сергей Зуев өңірдің саяси-экономикалық дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосып, тұрғындардың түйіткілді мәселелерін шешу үшін саяси науқанға қатысуға бел буған. Ақ халатты өзінің округін және сол жеде тұратын халықтың өзекті проблемаларымен жақсы таныс. Үміткер денсаулық сақтау саласында да кемшін кеткен тұстар жетерлік дейді. Дәрігердің сөзінше, көбіне жерлестерімізді көрсетілетін медициналық қызмет сапасының төмендігі алаңдатады. Бір маманға қаралу үшін ұзын-сонар кезекті күту қажет. Одан қала берді кей жағдайда тұрғындар дұрыс ем-дом ала алмайды. Ал кейде тіпті, мамандардың мүлдем болмауы мүмкін. Осы проблемалардың барлығын министрліктің көмегінсіз жергілікті жерде шешуге болады дейді Сергей Зуев. Тек ол үшін бірқатар пилоттық жобаларды жүзеге асыру керек.

«Денсаулық сақтау жүейсін түбегейлі өзгерту мүмкін емес. Дегенмен бірқатар іс-шараларды қолға алсақ, біртіндеп мақсатымызға жетеміз деп сенемін. Тағы бір мәселе осал топтарға, үй-күйсіз қалған азаматтарға медициналық қызметтің тиісті деңгейде көрсетілмеуі. Емханалардың қабылдау бөлімдерінде қаңғыбас адамдарды көптеп кездестіруге болады. Кейде олар жылы жерде түнеп шығу үшін ауруханаға жүгінуі мүмкін. Осы ретте, әкімдік пен діни мекемелер бірігіп осы мәселені шешуге болады. Яғни, мешітке, шіркеуге келген тұрғындар берген садақаның бір бөлігін осындай азаматтарға көмек көрсетуге бағыттаса екен деген тілегім бар», – дейді Сергей Зуев.

Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат С.В.Зуевтің тапсырысы бойынша «QazaqstanMedia» ЖШС дайындады, үгіт-насихат іс-шаралары республикалық бюджет қаражатынан төленді

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x