«Саламатты Қазақстан» пойызы Жамбыл ауданының 500 тұрғынына медициналық көмек көрсетті

Осыдан екі ай бұрын өз жұмысын бастаған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өңірімізге жетіп, екі күн бойы Жамбыл ауданының тұрғындарын қабылдады. Білікті дәрігерлердің көмегіне 500 жамбылдық жүгінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Саламатты Қазақстан» пойызының өңірге келгеніне бір апта болды. Ал, екі күн бұрын жылжымалы емхана Жамбыл ауданындағы Бауман станциясына жетті. Ауыл тұрғындары оларды зор қуанышпен қарсы алды.

«Саламатты Қазақстан» пойызы Жамбыл ауданының 500 тұрғынына медициналық көмек көрсетті «Саламатты Қазақстан» пойызы Жамбыл ауданының 500 тұрғынына медициналық көмек көрсетті

«Саламатты Қазақстан» пойызы Жамбыл ауданының 500 тұрғынына медициналық көмек көрсетті

«Соңғы жылдары елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Себебі, дені сау ұлт қана мемлекет болашағының кепілі бола алады. Соның бір дәлелі – осы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы. Ауылдарды аралап, заманауи құрылғылармен халықты емдейтін жылжымалы емхананың келуін аудан тұрғындары асыға күтті. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді пойызды қарсы алған Жамбыл ауданының әкімі Медет Оспанов.

22 дәрігер тұрғындарды тегін тексеріп, емдеді. Сондай-ақ, медициналық пойызда заманауи диагностикалық жабдықтар орнатылған.

«Саламатты Қазақстан» пойызы Жамбыл ауданының 500 тұрғынына медициналық көмек көрсетті «Саламатты Қазақстан» пойызы Жамбыл ауданының 500 тұрғынына медициналық көмек көрсетті

«Ауыл тұрғындары елді мекенде аса қат мамандар, яғни тіс, көз, құлақ-мұрын дәрігерлері мен гинеколог, рентгенолог сынды дәрігерлерге жүгінді. Сондай-ақ,  ЭКГ, ЭХО талдауларын жасатып, флюорография, ультрадыбыстық тексерулерден өтті. Олардың  нәтижелері сол жерде бірден берілді. Биыл «Саламатты Қазақстан» жобасына жаңашылдық енгізілді. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен алғаш рет пойызда медициналық жәрдемнен бөлек тұрғындарға кәсіби психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетілуде. Бұл ретте ауыл халқы мамандардан қоғамдық көлік пен жолдар мәселесін шешуді сұрайды. Ал, мұғалімдер бала санының аздығынан мектеп жабылып қала ма деп алаңдап отыр. Тұрғындардан түскен барлық сауалдар жоғарғы жаққа жеткізілетін болады», – дейді «Саламатты Қазақстан» жобасының үйлестірушісі Жанар Үсіпбекова.

Тағы оқыңыз: Дүние есігін ашқан нәрестелерге бірден ЖСН беріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x