СҚО жолдарында көктайғақ болуы мүмкін

«ҚазАвтожол» ҰК» АҚ солтүстікқазақстандықтарды жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды. Бұл туралы жазбаны олар өздерінің telegram каналында жариялады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ мамандары Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Осындай ауа райы Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, өңірдерінде де сақталмақ. Ал Жамбыл облысында жауын-шашын жауады деп болжанып отыр. Нәтижесінде жолдың кейбір учаскелерінде көк тайғақ болу мүмкін.

Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Алматы облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар.

«Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз»,-деп жазды мамандар.

Тағы оқыңыз: Ел президенті қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x