СҚО полицейлері синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

Солтүстікқазақстандық полицейлер синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға тамыз айында болған. Өңір полицейлері астаналық әріптестерімен бірлесіп, Петропавл қаласына кіреберістегі «Оңтүстік» бақылау пунктінде «Toyota Alphard» автокөлігін тоқтатады. Оның ішінде отырған 52 жастағы жолаушыдан сарғыш түсті кесектелген зат салынған 3 полимерлік түйіншек және бөлшектеп өлшеуге арналған құрал-жабдықтар, дәлірек айтқанда граммдық таразы мен буып-түю материалы тәркіленді.

СҚО полицейлері синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті СҚО полицейлері синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті СҚО полицейлері синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың аса ірі мөлшердегі α-PvP синтетикалық есірткісі екенін көрсетті. Оның салмағы 624 граммды құраған.

«Күдікті есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде бөлшектеп-өлшеуші болып жұмыс істеген. Бұл партия екі мыңға жуық адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», – деп түсіндірді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Иван Терзиди.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көпқабатты үй тұрғындары жарыққа жарымай отыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x