бруцеллез

Облыс аумағында жыл басынан бері жоспарлы диагностикалық зерттеу жүргізу кезінде 58 ірі қара малдан аталған инфекция анықталды. Жалпы 150 мың бас ірі қара мен дәл осынша ұсақ малдан сынама алынды. Өңірдегі төрт түліктің 65 пайызы тексерілді. Диагностикалық зерттеу әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жұқпаның таралуының алдын алу мақсатында Қызылжар ауданындағы Байсал ауылында бірнеше көшеде шектеу шаралары енгізілді. Оған сәйкес қауіпті аймақтан мал және мал өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Айыртау және Ақжар аудандарындағы жекелеген ауылдарда да шектеу шараларын енгізу мәселесі қарастырылуда. Ауру мал санитарлық союға жіберілді. Иелеріне мемлекет тарапынан өтемақы төленеді. Жұқпа ошағында дезинфекция жүргізілді. Былтыр өңірде 200-ден астам ірі қарадан бруцеллез анықталған еді.

«Бруцеллез созылмалы, адамдар мен жануарларға ортақ ауру. Адамдарға негізі малдан алынатын өнім арқылы жұғады. Әсіресе, сүт арқылы. Шекту іс-шараларына сәйкес, малдарды және малдан алатын өнімді сыртқа шығаруға тыйым салынды»,-дейді СҚО ветеринария басқармасының бас маманы Нариман Тасболатов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x