СҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында ірі жол апаты болып, екі адам көз жұмды. Төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жол көлік оқиғасы 23-ші қаңтар күні сағат 16-00 шамасында «Жезқазған-Петропавл» автожолында болған. Peugeot және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал төрт адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Аталған факт «Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді», – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің бірі Петропавл қаласындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілген.

«Қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер толық тексеріс жүргізуде», – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде бірден апаттың видеосы тарап кетті. Желі қолданушылары зардап шеккендер Петропвлдағы колледждердің бірінің оқытушылары деп жарыса жазуда.

Тағы оқыңыз: СҚО полицейлері Астана тұрғынынан жарты келі синтетикалық есірткі тәркіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x