СҚО-да жер үй өрттен бір адам қаза тапты

СҚО Шал ақын ауданы Семиполка ауылында өрттен бір адам қаза тапты. Куәгерлердің сөзінше үйде тағы бір адамның болуы мүмкін. Оның денесі әзірге іздестірілуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өрт тұрғын үйден шыққан. Көршілерінің айтуынша, үйде ер адаммен әйел тұрады екен. Өрт сөндірушілерге от жайында хабарлама таңғы 4 сағат 50 минутта  түскен. Құтқарушылар жеткен кезде үйдің есігі іштен жабық болған.

«Қазір өрт толық сөндірілді. Үйінді астынан бір адамның денесі табылды. Екінші адамды іздестіріп жатыр. Себебі көршілер үйде екі адам тұратынын айтты», – деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Жалпы биыл облыста тілсіз жаудан 30 адам көз жұмған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл әкімдігінің ғимараты өртенді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x