СҚО-да түзету мекемесіне есірткі алып кірмек болған азамат ұсталды

Солтүстік Қазақстанда түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың біріне келген азамат нысанға есірткі алып кірмек болды. Ол оны темекіге орап алып келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға СҚО бойынша ҚАЖД № 48 мекемесінде тіркелді. Сәлемдемелерді тексеріп жатқан колония қызметкерлері «Б» есімді сотталушыға жолданған темекі сүзгісінен өсімдік тектес затты анықтаған. Дереу жедел тергеу тобы шақырылып, алынған зат сараптамаға жіберілді.

«Сараптама нәтижесі алынған заттың есірткі екендігін көресетті. Ол – 0,60 грамм апиын болып шықты. Қазіргі уақытта сәлемдемені жөнелтуші «Т» есімді азаматқа қатысты, ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Биыл 13,6 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x