СҚО-да су тасқыны қаупіне байланысты 242 эвакуациялық пункт дайындалды

СҚО-да көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 242 эвакуациялық пункт дайындалды. Бүгіндері 175 елді мекенде 131 шақырымды құрайтын жер үйінділері мен 7,5 км қорғау дамбылары тұрғызылды. Қазіргі уақытта өңірдегі су өткізу құбырлары мен арықтарды тазарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, өңірдегі 87 елді мекенді су басуы мүмкін. Олардың 30-ына өзен суы деңгейіннің көтерілуі қауіп төндірсе, 43 ауылды көктемде еріген қар суы басуы ықтимал. Сондықтан бүгіндері олар ерекше бақылауға алынған.

«Көп жағдайда су деңгейінің көтерілуіне жолдарда орналасқан су өткелдері мен құбырлардың тазартылмауы себеп болады. Осының алдын алу мақсатында қосымша 97 су өткізу құбырлары орнатылды. Сонымен қатар дренаждық жүйелер жасалды», – деді СҚО ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев.

Биыл елді мекендерден 700 мың текше метрге жуық қар шығарылған.

«Апат айтып келмейді. Сондықтан көктемгі су тасқынына департаментің жеке құрамы да сақадай сай. Бізде 10 өтімділігі жоғары вахтовка және 6 жол талғамайтын көлік бар. Сондай-ақ жеті жүзу құралы мен 78 мотопомпа дайын. Қар көп түскен аудандарды ерекше бақылауға алдық. Су тасқыны кезінде «КазАвиаСпас» АҚ тікұшақтарын пайдалануға облыстық бюджеттен 130 млн теңге бөлінді. Былтыр заманауи ұшақсыз ұшу аппараты сатып алынды, оның көмегімен күнделікті мониторинг жасалып, қажет болған жағдайда іздеу жұмыстарына қолданылады. Айта кетейік, 24 қаңтардан бастап жалпы облыстық азаматтық қорғау жүйесі күшейтілген жұмыс кестесіне көшті», – деді Ерік Сарыбаев.

Тағы оқыңыз:Петропавлдың экс-әкімі Болат Жұмабеков жаңа қызметке тағайындалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x