СҚО-да республикалық маңызы бар тасжолдың бір бөлігін су басты

Солтүстік Қазақстан облысында еріген қар суы Тайынша ауданы Аққұдық ауылы маңынан өтетін республикалық жолды басты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірдегі жылы ауа райы мен жауынның болуы қардың тез еруіне әкелді. Сондықтан су басу қаупі еселей түсті. Бір тәулікте облыс бойынша су 12 баспанаға кірген. Құтқарушылар мен жауапты мамандар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Олар 50 мың текше метр суды мотопомпалармен сорып шығады.

«Қазіргі кезде құтқарушылар, әкімдік, коммуналдық қызмет мамандары бірлесе отырып, су тасқынының алдын алу жұмыстарын атқарып жатырмыз. Бүгін Уәлиханов ауданына қосымша құтқару тобы жіберілді. Облыс бойынша 280 техника жұмыс істеп тұр. Оның ішінде коммуналдық қызмет, жергілікті атқарушы орган және су тасқыны кезінде көмек көрсету қызметіне қатысты келісімге қол қойған ұйымдар бар», – деді СҚО ТЖД жедел штаб жетекшісі Кирилл Иванников.

Төтенше жағдай департаменті маманы соңғы тәулікте облыс жолдарының 3 бөлігін су басқанын айтты. Оның барлығы дер кезінде жойылған. Қазір Тайынша ауданы Аққұдық ауылы маңыннан өтетін республикалық тасжолды су басыпты.
Мамандар су тасқыны бойынша болжам жасау қиын дейді. Қазір барлық жауапты органдар күшейтілген түрде жұмыс режиміне көшкен. Сонымен қатар, 112 номері арқылы 30-шы наурыз күні облыс аумағында қар, жаңбыр жауады деген хабарлама келіп жатыр. Көктайғақ болады деп күтілуде.

Тағы оқыңыз: СҚО-да төрт колледжді зейнеткерлер басқарып отыр  

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x