СҚО-да Ораза айт намазы 07:00-де оқылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айт намазының кестесін жариялады. Ораза айт дегеніміз – Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, яғни мұсылмандардың маңызды діни мейрамы, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ораза айт – екі айт мейрамының бірі. Мереке күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Сонымен қатар, айтта ораза ұстауға тыйым салынады.

Солтүстік Қазақстан облысында айт намазы 07:00-де оқылады.

Ораза айтты қалай өткізген дұрыс?

  1. Пітір садақасын беру. Ол Рамазан айында, яғни Рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет.
  2. Тәкбір айту. Айт күндері тәкбір (Алланы ұлықтау) айту дінде заңдастырылған амалдарға жатады.
  3. Айт намазын оқу. Ол үшін азан айтылып, қамат түсірілмейді. Намазға бет алған кезде бір жолмен барып, екінші жолмен қайту сүннет болып саналады.
  4. Намазға шығар алдында құрма жеп шығу. Сүннет бойынша мұсылман адам намазға шығар алдында құрма дәмінен ауыз тиюі керек. Бұл – пайғамбарымыздың (с.а.у) оразаның аяқталып, айт күндері басталғаны жайында берген белгісі.
  5. Жаңа киім кию, ғұсыл құйыну, әтір себу. Бұл ұлық мерекеде мұсылман адам шамасы келгенше мешітке жаңа киім киіп, әтір сеуіп барған абзал.
  6. Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға болмайды

Намаз біткен соң мұсылмандар қол алысып, төс қағысып, бір-бірін Айт мерекесімен құттықтайды, жақсы тілектерін айтады. Ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарысады. Ал әйелдер қауымы үйде қазан асып, дастарқан жайып, айттық шай әзірлейді. Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп дәм ауыз тиеді, шаңырақ иесіне аман-саулық тілеп, айтпен құттықтайды.

Тағы оқыңыз: Елімізде су тасқынынан зардап шеккендерге қандай үй беріледі?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x