Солтүстік Қазақстан облысында екі оқушы өрттен ер адамды алып шықты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға Аққайың ауданы Шағалалы ауылында болған. 21-ші наурызда түскі сағат екілер шамасында екі қабатты көппәтерлі үйден от шығады. Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінің мамандары келгенге дейін 16 және 15 жастағы мектеп оқушылары Константин Антропов пен Станислав Питерс 1956 жылы туған ер адамды өрттен құтқарып қалған.
Зардап шеккен тұрғынның денесінің 20 пайызын күйік шалған, иіс тиіп уланған. Жағдайы орташа.
Отты «СКОС» ЖШС ерікті өрт құрамы ауыздықтады.

Өрт жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан шыққан.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданындағы өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x