СҚО-да мүгедектігі бар адамдар үшін 308 әлеуметтік нысан толығымен бейімделген

Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін 418 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бейімделді. Оның 308-і ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай жарамды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпарақта сүйенсек, өңірде 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1294 объектіні бейімдеу көзделген. 2 жыл ішінде жоспарланған 776 нысанның 418-інде жергілікті атқарушы органдар тиісті жұмысты атқарды. Жүргізілген бақылаудан кейін 308 объектінің толықтай бейімделгені белгілі болды.

СҚО-да мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:

– мемлекеттік мекемелер – 66 (24 әкімдік, 4 облыстық басқарма, жергілікті атқарушы органдардың 8 бөлімі, 2 мәслихат, 8 сот, 4 аудандық басқарма және бөлім, 5 полиция бөлімі, 2 департамент, 3 прокуратура, 6 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы);

– денсаулық сақтау объектілері – 29 (6 емхана, 11 аурухана, 5 медициналық орталық, 5 дәрігерлік амбулатория және медициналық пункт, 2 стоматология);

– білім беру объектілері – 112 (88 мектеп, 2 университет, 12 колледж, 10 балабақша);

– әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де объектілері – 101 (7 банк филиалы, 6 пошта бөлімшесі, 6 мәдениет үйі, 1 әлеуметтік оңалту орталығы, 9 сауда үйі, супермаркет және СОО, 1 мейрамхана, 8 дәріхана, 1 автовокзал, 3 теміржол вокзалы, 3 спорт кешені, 8 спорт мектебі және т. б.);

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, 110 объект ішінара бейімделген деп танылды. Олар бойынша 725 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 180; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 202; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 172, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 171.

Осы жылдың соңына дейін аталған бұзушылықтар толығымен жойылады, объектілердің меншік иелерімен бейімдеу жөніндегі іс-шараларды аяқтау үшін түсіндіру және консультациялық жұмыстар жүргізілді.

Биығы жылдың соңына дейін тағы 358 объектіні бейімдеу жоспарлануда.

«Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 64 тексеру жүргізілді, Оның ішінде: 29 – өтініштер бойынша және нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулер, 35 – профилактикалық бақылау шеңберінде тексерулер», – делінген министрлік өкілдерінің жариялаған ақпаратында.

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы 35 ұйғарым берілді. 4 млн 554 мың теңгеге 16 әкімшілік айыппұл салынды.

Тағы оқыңыз: Тамызда СҚО-да әкімдер сайлауы өтеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x