СҚО-да көз дәрігерлері жетіспейді

Біздің облыста көз дәрігерлері тапшы. Бұл жайында «Новая оптика» ЖШС директоры Елена Погорелец өңір жетекшісіне айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО-да медицина мамандарының тапшы екені әр кезде айтылып келеді. Бірақ, ылғи терапевт, хирург, педиатр, акушер-гинеколог сынды мамандардың жетіспейтінін естімиз. Бұдан бөлек, өңірге көз дәрігерлері ауадай қажет екен. Осы мәселені «Новая Оптика» серіктестігінің директоры Елена Погорелец көтерді. Сөзінше, бізде аталған бағытта маман даярлайтын ешбір орын жоқ.

«Петропавлдағы жоғары медицина колледжінде оптикометрист, офтальмолог сынды дәрігерлерді даярлайтын бөлімнің ашылуын сұраймыз. Дәл осындай проблема стоматологиялық қызмет көрсету саласында да өткір тұр. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы №31 «Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығымен енгізілген өзгерістер мамандарды кәсіби даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды қатаңдатты. Тіс дәрігерінің өз бетінше жұмыс істеуі үшін енді жоғары білім керек. Ал, тәжірибесі мол стоматологтардың көпшілігі медициналық колледжді бітірген. Сондықтан осы М. Қозыбаев университетінде тіс дәрігері мамандығының ашылуын сұраймыз», – дейді Елена Погорелец.

Кездесуге қатысқан денсаулық сақтау басқармасының өкілі мұндай проблема біздің өңірде ғана емес, барша елде бар екенін атап өтті. Әсіресе стоматологиялық қызмет бойынша жағдай бірдей. Елена Погорелецтың сөзінің жаны бар, жаңа стандарт бойынша орта білімі бар тіс дәрігерлері алғашқы кезеңде, яғни фельдшерлік-акушерлік пунктерде, дәрігерлік амбулаторияларда ғана жұмыс істеуіне болады. Ал, жеке клиникаларда жоғары білімі бар мамандар қызмет көрсете алады. Дегенмен, маусымда тағы өзгеріс енгізіліп, колледж бітірген дәрігерлерге балаларды емдеуге рұқсат етілді. Белгілі болғандай, еліміздің стоматологиялық бірлестігі денсаулық сақтау министрлігіне осы ретте ұсыныстарын жолдапты, қазір қарастырылуда. Ал, офтальмологиялық бағыттар бойынша оқуға келетін болсақ, медициналық колледж бұл бағытта жұмыстар жүргізуде. Тек топ жинау керек.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның кәсіпкерлік саласында оң өсім байқалады – Айдарбек Сапаров

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x