СҚО-ның кәсіпкерлік саласында оң өсім байқалады – Айдарбек Сапаров

Соңғы 2 жылда Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік субъектілерінің саны шамамен 4,5 мыңға өсті. Қазір өлкеде 34 700 нысан жұмыс істеп тұр. Бұл жайында өңір жетекшісінің кәсіпкерлермен өткен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіндері аймағымызда 34 700 кәсіпкерлік субъектісі бар. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Шағын және орта бизнеспен облыс тұрғындарының 106 мыңнан астамы айналысады.

«Өңірдің еңбекке қабілетті азаматтарының әрбір үшіншісі шағын және орта бизнес саласында еңбек етіп жүр. Соңғы 5 жыл ішінде тауар өндіру көрсеткіші 2,7 есеге өсті. 2017-ден 490 млрд теңгеден өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,3 триллионға жеткенін байқап отырмыз», – дейді СҚО әкімі.

«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында кәсіпкерлікті қолдауға берілетін қаржының да мөлшері ұлғайған. Мәселен, биыл бұл мақсатқа 12 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8 есеге көп.

«Жыл басынан бері «Даму» қоры арқылы 11 млрд теңгеге 205 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. 150-іне 4,3 млрд теңгенің кепілдігі берілді. Сондай-ақ, осы жылдың басынан бастап азаматтарға 1 млрд теңге сомасына шағын несие берілгенін де айта кету қажет. Ал, маусымның 10-ы күні «Ауыл аманаты» бағдарламасы бастау алды. Біздің облыс үшін 1,8 млрд теңге қарастырылған. Оны игерсек, ақшаны көбейту үшін тағы өтініш тастамақпыз. Жалпы, мемлекет тарапынан жеткілікті түрде қолдау көрсетілуде. Осының арқасында бизнес саласы да дамып келеді», – деді аймақ басшысы.

Әкім аталған саланы одан әрі дамыту керектігін айтты.

Тағы оқыңыз: Есіл аудандық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x