Құмар ойындардың жарнамасына тыйым салынбақ

Енді Қазақстанда құмар ойындарының жарнамасына тыйым салынады. Бұл жайында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Министр бүгінде қала мен ауыл көшелерінде ілініп тұрған баннерлерде құмар ойындарының жарнамасы толып тұрғанын айтты. Сөзінше, бұған тез арада тұсау салу керек.

«Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек деп есептеймін. Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр», – деді Асхат Оралов.

Ресми деректерге сүйенсек, соңғы 2,5 жылда букмекерлік кеңселердің саны 38-ден 16-ға дейін азайған. Бүгінде 4 орында лицензияның күшін жою бойынша жұмыс жасалып жатыр. Биылдыққа бесеуі қайтарылыпты.

Тағы оқыңыз: СҚО-да көз дәрігерлері жетіспейді 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x