СҚО Мамлют ауданы Меңкесер ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты. Салдарынан бес адамды күйік шалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Төтенше жағдай туралы хабарлама Мамлютка қаласының № 15 өрт сөндіру бөліміне 4 қаңтар күні сағат 14:57-де келіп түскен. Жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, баспананың шатыры мен қабырғасы опырылды.

«Нәтижесінде 1970, 1979, 1977 жылғы ер адамдар мен 1966 жылғы әйел және 2007 жылы туған қыз зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Тұрғындардың денесін күйік шалған. Оқиға орнында Мамлют ауданының ТЖ бөлімі, полиция, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеді», – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осыған байланысты СҚО ТЖД қызметкерлері газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін еске салады.

«Сұйытылған газды тұрмыстық баллондарда екі қабаттан асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынады.

Цилиндрлерді толтырудың максималды деңгейі резервуардың геометриялық сыйымдылығының 85% құрайды.

Өлшеу әдісімен толтыру дәрежесін бақылау үшін таразы қолданылады.Үй-жайлардағы газ баллондар пештерден кемінде 1 метр және ашық отпен жылу көздерінен кемінде 5 метр қашықтықта болуы тиіс. Газ баллонын жылы бөлмеге кіргізгеннен кейін бірден пайдалануға қатаң тыйым салынады», – деп қатаң ескертеді ТЖД мамандары.

Тағы оқыңыз:Президент: Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруы тиіс

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x