СҚО-да есірткі жасырумен айналысқан қыздар ұсталды

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді таратты деген күдікпен екі қызды ұстады. Олардың бірінің күйеуі дәл осындай қылмыс жасағаны үшін бүгіндері жазасын өтеп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қыздар Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде Toyota RAV 4 автокөлігінде отырған жерінде ұсталды. 33 жастағы келіншектің күйеуі, дәл осындай қылмысы үшін екі жыл бұрын сотталған. Қазір түрмеде отыр. Ал қасында болған кұрбысы – 36 жаста. Қыздарды және олардың тұрғылықты мекенжайларын тінту кезінде 700 грамнан астам ұнтақ тәрізді және кесектелген зат тәркіленді. Сараптама нәтижесі бұның «тұз» деген атаумен белгілі α-PvP синтетикалық есірткісі екені  анықталды. Сондай-ақ есірткіні буып-түюге арналған материалдар тәркіленіп алынды.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Есірткіні аса ірі көлемде өткізу үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске саламыз. Қазіргі уақытта 33 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес күдіктілер бұл қылмыстарымен төрт айға жақын уақыт айналысқан», – дейді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Руслан Сапаров.

Тағы оқыңыз: Ризабек Айтмұхан халықаралық турнирде қола медаль алды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x