СҚО-да дүлей дауылдан жөнделіп жатқан ауыл мектебі зардап шекті

Тамыздың 23-і болған дүлей дауыл солтүстікқазақстандықтарды әбден әбігерге түсірді. Нөсер жауын мен қатты жел, әсіресе Айыртау мен Ғабит Мүсірепов аудандарында ойран салған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сәрсенбі күні болған дүлей жел Айыртау ауданы Дәуқара ауылында жөнделіп жатқан орта мектептің ғимаратын зақымдаған. Qazaqstan Media  редакциясына хабарласқан тұрғынның айтуынша, оқу орны араға біраз жыл салып жөнделіп жатқан екен.

Ал, кеше болған дауыл жұмыстардың барлығын жоққа шығарса керек. Қатты жел білім ордасының шатырын ұшырып әкеткен. Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда орын алған жағдайға қатысты облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков түсініктеме берді.

«Төтенше жағдай орын алған мектепке бірден арнайы бригада шығып, шаруаға кірісіп кетті. Жаңа оқу жылы басталғанша тиісті жұмыстарды аяқтаймыз. Алаңдауға еш негіз жоқ. Оқушылар жөнделген мектепте білім алатын болады», – деді Нәзір Жәшібеков.

Сонымен қатар дауылдан Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимское ауылында да бірқатар ғимараттарға зақым келген. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Алдағы уақытта материалдық залалды бағалап, есептейтін комиссия құрылмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 3 ауылдың атауы өзгертіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x