СҚО-да былтыр облыстық дін істер басқармасы уәкілетті органдармен бірлесіп 21 заң бұзушылық фактісін анықтаған

Былтыр облыстық дін істер басқармасы уәкілетті органдармен бірлесіп, дін саласындағы заң бұзушылықтардың 21 фактісін анықтаған.Осындай бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында деструкетивті діни идеологияның алдын-алуға арналған арнайы іс-шара өтті. Оған колледж студенттері шақыртылды. Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 30 311 адамды қамтитын осындай 2427 іс-шара жүргізілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Соңғы кездері қоғам арасында қандай да бір діни ағымның дұрыстығына бойламай, асығыстыққа салынып, адасып жататындардың саны көбеюде. Оның көпшілігі- оң солын дұрыс тани қоймаған жастар екен.

«Ал, жастардың категориясы бойынша 23 240 адамды қамтитын 892 іс-шара жүргізілген болатын. Біздің бағытымыз- профилактика болып табылады. Қазірі таңда жастардың көбі деструктивті діни ағымдардың идеологиясы жетегінде кетіп жатыр. 02:15 Соның алдын алу бойынша, біз осындай көптеген кездесулер жүргіземіз. Теолог, психолог мамандар қатысады»,-дейді Облыстық дін істер басқармасының бас маманы Нұртас Нұрмағамбетов.

СҚО-да былтыр облыстық дін істер басқармасы уәкілетті органдармен бірлесіп 21 заң бұзушылық фактісін анықтаған

Теріс ағымдардың жетегінде кететіндерге негізгі себепші – әлеуметтік желі. Ал, санасы қатаймаған жастар өздері мүлде танымайтын арам пиғылды адамдардың артынан оңай еріп, әдемі сөздеріне иланып,ақырында құрбан болып жатады. Оларға тек айтып қойған аздық етеді. Сондықтан, осындай кездесулерді жиі өткізіп, жастармен ашық диалог аланың құрып, түрлі әдістерді пайдалана отырып түсіндірген дұрыс,- дейді мамандар.

«Мен ЖД колледжінде 1-ші курста оқимын. Дұрыс жолдан таймау үшін дұрыс жерден білім алу керек. Қазіргі кезде біздің имамдар тиктокта да отырады. Оларды да тыңдаған дұрыс. Бірақ, бәрібір де мешітке барып білген дұрыс ойлаймын»,-дейді іс-шара қатысуышысы Аян Байкен.

Тағы оқыңыз:

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x