Қазақстанда марқұм болған адамның ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алу ұсынылды

«Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев Қазақстанда мәйіт донорлығына қатысты заңды өзгерту қажет деп санайды. Бұл жөнінде КТК телеарнасы хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазір мыңдаған қазақстандық ағза алмастыру операциясын күтіп, кезекте тұр. Олардың көбі тек шетелден келетін, атап айтқанда, қайтыс болған адамның туыстарының рұқсатын қажет етпейтін елдерден әкелінетін ағзаларға үміт артып отыр.

«Дәрігерлер қордан ақша қажет емес, елімізде мәйіт донорлығы қайта жұмыс істейтіндей етіп заңды өзгерту керек дейді. Конференция өткіздік. Үкіметті және қоғамды трансплантация және мәйіт донорлығы туралы заңды өзгертуге әлі де ынталандыруды көздеп, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге осы конференцияға қатыстық», – деді «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Шетелде қандай да бір ағзаны сатып алу үшін ақы төлеу туралы өтініштерді қабылдайтын «Қазақстан халқына» қоры. Өте қымбат болғандықтан, ақша барлығына бірдей жете бермейді. Елімізде қайтыс болған азаматтардың ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алуға заң рұқсат етсе, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға болар еді, деп түсіндірді қор. Телеарнаның мәліметінше, қазір 4 мыңға жуық қазақстандық трансплантация кезегін күтіп тұр, оның 90-ы бала.

Қайтыс болғаннан кейінгі бір донордың органдары шамамен 7 адамның өмірін құтқара алады.

Тағы оқыңыз: Мас күйде екі жолаушыны мотоциклге мінгізген ер адам 20 тәулікке қамалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x