Солтүстік Қазақстан облысында желтоқсанда инфляция деңгейі жылдық есептеумен алғанда 10,5 % құрады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, бағалар өткен жылғы желтоқсанда, 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, азық-түлік тауарларына — 9,8 %, азық-түлік емес тауарларға — 9, ақылы қызметтерге — 13,8 % өсті.

Бір жыл ішінде жұмыртқа — 14,8 %, жаңа ауланған балық — 14,1, жемістерге — 10, кондитер өнімдеріне — 9,3, етке — 8 % қымбаттаған.

Ал жармалар 6,9 % арзандаса, күріш 37,3 % қымбаттады.

Алкогольді ішімдіктерге де баға өскен, енді ол 18,7 % қымбатқа сатылады, алкогольсіз сусындар 16,4 % қымбат. Көкөністерге баға 2,1 % өсті, соның ішінде сәбізге — 21,7, қызылшаға — 19,1, қырыққабатқа — 16,9 % өссе, пиязға — 12 %, картопқа — 1,5 % төмендеді. Қант 14 % арзандады.

Бұйымдар, приборлар және жеке тұтынуға арналған тауарлар — 21,2 %, жиһаз және үй тұрмысына қажетті заттар — 20,3, киім және аяқ киім — 11,6, фармацевтикалық өнімдер — 9,4 % қымбаттады.Коммуналдық төлемақы 15,8 % өсті, амбулаторлық қызметтер — 14,7, шаштараз және жеке қызмет көрсететін мекемелер қызметтері — 14,9, сақтандыру қызметтері — 3,1 % қымбаттады”,- делінген  департамент мәліметінде.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x