СҚО-да ауыл тұрғынынан екі қап марихуана табылды

Солтүстікқазақстандық полицейлер Аққайың ауданы тұрғынынан екі қап марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауылдың маскүнем ретінде есепте тұрған 55 жастағы тұрғынының үйінен екі қап кептірілген марихуана тәркіленді. Ол шөпті асүйдегі газ плитаның артында сақтаған. Оның жалпы салмағы 8 келі 910 грамды құрады. Ауыл тұрғынының айтуынша, марихуананы алкогольдің орнына пайдалану үшін ірі мөлшерде сақтап келген. Аталған факті «есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Есірткіні өткізу фактілері және құрамында есірткі бар заттарды өсіру деректері болған-болмағанын анықтау үшін барлық мән-жайлар тексеріледі. Жылдың басынан облысымызда 59 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, заңсыз айналымнан 15 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіп алынды», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Тағы оқыңыз: СҚО-да атышулы әкім қызметінен босатылуы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x